Терапевт-ревматолог дәрігер, буындардың ультрадыбыстық диагностикасы бойынша маман.
Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек өтілі 25 жылдан аса.
Негізгі қызмет бағыттары — ревматологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу, буындардың ультрадыбыстық диагностикасы, интервенциялық ревматология (буындарға жергілікті инъекциялық терапия).
20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Буындарға жергілікті инъекциялық терапияны енгізу техникасы бойынша ментор.
Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Ересектерді және 3 жастан бастап балаларды қабылдайды.
Буындардың УДЗ, 1 анатомиялық аймақ — 8 000 тг.
Буынішілік инъекциялар (дәрі құнын қоспағанда) — 10 000 тг.
PRP-терапия — 1 процедура — 30 000 тг.
Дәрігердің қаланың шегіндегі үйге шығуы — 200 000 тг.
2001–2023 жж. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ.
2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін — I clinic.
2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін — Mexel health («Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ).
Буындардың қабынбалы аурулары (артриттер): ревматоидты, псориатикалық, реактивті артрит, подагра;
Дегенеративті өзгерістер: остеоартроз, остеопороз (сүйек тығыздығының төмендеуі);
Дәнекер тіннің жүйелік аурулары: жүйелі қызыл жегі, жүйелік склероз, васкулиттер, Шегрен синдромы, Бехтерев ауруы (анкилоздаушы спондилит). Жұмсақ тін зақымданулары: бурситтер, тендиниттер және өзге периартикулярлық патологиялар;
Орындаылатын процедуралар — жергілікті инъекциялық терапия, PRP-терапия.
1990–1996 жж. Семей мемлекеттік медициналық институты, педиатрия факультеті, қызыл диплом. Оқуды тәмамдағаннан кейін ішкі аурулар бойынша аспирантураға қабылданды.
1999 ж. Кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Біліктілікті арттыру:
«Терапия мен педиатрияның өзекті мәселелері, ересектер және балалар ревматологиясы, буындардың УДЗ, буынішілік және буыннан тыс инъекцияларды енгізу техникасы»