• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2025
  • Шизофрения деген не?

    Шизофрения — бұл созылмалы психикалық бұзылыс. Шизофрениямен ауыратын адам ойлау, әрекет ету, эмоцияларын білдіру және шындықты қабылдау жағынан психикалық тұрғыдан сау адамдардан өзгеше болады. Сондықтан мұндай адамдарда қарым-қатынаста, оқуда және жұмыста қиындықтар туындайды. Бұл ауруды толықтай емдеп жіберу мүмкін емес, бірақ дұрыс ем арқылы оны бақылауда ұстауға болады.

    Көпшілік шизофренияны «жеке тұлғаның екіге бөлінуі» деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес. Шын мәнінде, шизофрения кезінде адам шынайылық пен қиялды ажырата алмай қалады. Науқастың санасында ойлар, бейнелер мен дыбыстар араласып, шын мәнінде жоқ нәрселермен (басындағы дауыстармен, қиялдағы заттармен немесе адамдармен) шатасады.

    Әр науқаста шизофрения әртүрлі деңгейде өтеді. Кейбір адамдардың өмірінде бар болғаны бір ғана (!) психоздық эпизод болуы мүмкін. Басқаларында психикалық бұзылыстың көптеген эпизодтары (рецидивтері) қайталанады, бірақ олардың арасында салыстырмалы түрде қалыпты өмір сүре алады. Үшінші бір топта өмірінің көп бөлігінде психика бұзылып, «жарық кезеңдер» (ремиссия) сирек әрі қысқа болады.

    Шизофрениянің ерте белгілері

    Шизофрения көбінесе («дебюті») ер адамдарда 12–16 жас аралығында, әйелдерде 20–30 жаста байқалады. Алғашқы белгілерден толық психозға дейінгі кезең продромалды кезең деп аталады, ол бірнеше аптадан бастап тіпті бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.

    Бұл уақытта мынадай белгілер байқалады:

    • құндылықтар мен адамдарға, құбылыстарға деген көзқарастың өзгеруі;
    • тұйықталу, әлеуметтік оқшаулану;
    • зейіннің шоғырлануының бұзылуы;
    • ашушаңдық;
    • ұйқының бұзылуы.

    Шизофренияның айқын белгілері

    • Сандырақ – шизофренияның басты белгісі. Сандырақ – шындыққа негізделмеген жалған сенімдер. Мысалы, сандырақпен ауыратын адам басқа адамдар оның ойларын естиді, ой салуы мүмкін немесе оны өзіне тән емес әрекеттер жасауға мәжбүрлейді деп сенуі мүмкін. Кейде ол өзінің таныстары шайтанның бейнесі, бөтенғаламдықтар немесе шетелдік тыңшылар деп ойлауы ықтимал.
    • Елестер (галлюцинациялар) – шындыққа сай келмейтін сезімдер. Шизофрениямен ауыратын адамдарда ең көп кездесетіні – дауыстарды есту. Бұл дауыстар науқастың әрекеттерін бағалауы, бұйрық беруі мүмкін. Сирек жағдайларда науқастар жоқ нәрселерді көреді, жоқ иістерді сезеді немесе денеге тиіп жатқандай әсерді сезінеді.
    • Кататония – адамның үнсіз ұзақ уақыт бойы бір қалыпта қатып қалуы.

    Шизофрениясы бар адам мағынасыз сөйлеп, байланыстың жоқтығына қарамастан бір тақырыптан екіншісіне «секіріп» кете алады, заттарын ұмытып, жоғалтып алады, бір қимылды қайта-қайта жасайды немесе баяу қозғалады.

    Шизофрения ойлау қабілетіне де әсер етеді. Науқастар жаңа ақпаратты қабылдауда қиналады, шешім қабылдау қиынға соғады, тапсырмаға назарын шоғырландыра алмайды.

    Дәрігерлер сондай-ақ мынадай белгілерді ажыратады: эмоциялардың жоқтығы немесе шектеулігі, отбасынан, достарынан, ұжымнан алшақтау, сергектіктің, мотивацияның жоғалуы. Жақындары жиі науқастың ештеңеден қуаныш алмайтынын, өмірге деген қызығушылығын жоғалтатынын байқайды.

    Шизофренияның себептері

    Шизофренияның нақты себебі белгісіз. Ғалымдар тек аурудың даму ықтималдығын арттыратын бірнеше факторды анықтады:

    • Тұқымқуалаушылық. Шизофрения генетикалық жолмен, ата-анадан балаға берілуі мүмкін.
    • Ми ішіндегі химиялық процестердің бұзылуы (нейромедиаторлар арқылы импульстардың берілуіндегі ақаулар), бұл ойлау мен мінез-құлыққа әсер етеді.
    • Мидың құрылымдық аномалиялары.
    • Вирустық инфекциялар, токсиндер, есірткілер, қатты күйзелістер – генетикалық бейімділігі бар адамдарда шизофренияны қоздыруы мүмкін.

    Кімдер шизофрениямен ауыруы мүмкін?

    Бұл дертке кез келген адам – жынысына, нәсіліне және жасына қарамастан, ерте балалық шақтан бастап қартайғанға дейін шалдығуы мүмкін.

    «Шизофрения» диагнозы қалай қойылады?

    Шизофренияға арналған арнайы талдаулар жоқ. Психиатрлар диагнозды науқастың жақындарының бақылаулары, ауру тарихы (анамнез), тексеру, түрлі тесттер мен сұхбат негізінде қояды.

    Адамға шизофрения диагнозы қойылады, егер ол мына белгілердің кемінде екеуін көрсетсе: сандырақ, галлюцинациялар, байланыссыз сөйлеу, кататония, әлеуметтік байланыстарды жоғалту, өмірге қызығушылықты жоғалту. Бұл симптомдар айналадағы адамдарға анық байқалуы керек және басқа аурулармен байланысты болмауы тиіс.

    Шизофренияны толықтай жазуға бола ма?

    Жоқ. Шизофренияны емдеудегі басты мақсат – симптомдарды жеңілдету және ремиссияны ұзарту. Әдетте емдеуде дәрі-дәрмектер (антипсихотиктер) қолданылады, олар сандырақты, галлюцинацияларды және ойлау қабілетінің бұзылуын жеңілдетуге көмектеседі. Дәрілік терапия әлеуметтік көмекпен, жұмысқа орналастырумен және білім беру шараларымен қатар жүргізілуі тиіс. Ең маңыздысы – отбасының қолдауы мен кәсіби психологиялық көмек (реабилитация, когнитивті түзету, жеке, отбасылық және топтық психотерапия). Өзін немесе өзгелерді жарақаттауы мүмкін ауыр симптомдары бар науқастарға госпитализация ұсынылады. Дұрыс емдеу кезінде көптеген шизофрениямен ауыратын адамдар толыққанды әрі өнімді өмір сүре алады.

    Шизофрениямен ауыратын адамдар қауіпті ме?

    Шизофрениясы және басқа психикалық аурулары бар адамдарды әдетте қауіпті және қатігез деп ойлайды. Алайда іс жүзінде шизофрениямен ауыратындардың көпшілігі зорлық-зомбылыққа бейім емес, керісінше жалғыздықты және тыныштықты жөн көреді. Дегенмен, науқасқа дұрыс қарамау, есірткі немесе алкоголь агрессияны немесе қауіпті әрекеттерді қоздыруы мүмкін. Шизофрениямен ауыратын науқастар арасындағы мезгілсіз өлімнің басты себебі – суицид.

    Шизофренияның алдын алуға бола ма?

    Шизофренияның алдын алудың нақты жолдары жоқ. Бірақ ерте диагностика мен емдеу аурудың қайталануын жеңілдетуге, сондай-ақ науқастың және оның жақындарының өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.

    TopDoc.kz шизофренияға күдік болған жағдайда дәрігер табуға қалай көмектеседі

    Отбасында психикалық ауруға, әсіресе шизофрения сияқты ауыр дертке күдік туындаса, жақындары жиі абдырап қалады: қайда бару керек, қандай маманға жүгіну қажет, психикалық ауруларды қай дәрігер емдейді, сенім артуға болатын маманды қайдан табуға болады?

    TopDoc.kz сервисі осы процесті жеңілдету үшін жасалған.

    Платформада Қазақстан бойынша психиатрлар, психотерапевтер және клиникалық психологтар жиналған. Әр дәрігердің парақшасында оның білімі, тәжірибесі, мамандануы және пациенттердің пікірлері көрсетілген. Сіз дәрігерді орналасқан жері, қабылдау құны, рейтингі және шизофрения мен басқа да бұзылыстармен жұмыс істеу тәжірибесі бойынша таңдай аласыз.

    TopDoc.kz арқылы сізге қолжетімді мүмкіндіктер:

    • бос уақыт аралықтарын көріп, бірден жазылу;
    • қалаған күні мен уақытқа онлайн-өтінім қалдыру;
    • WhatsApp арқылы немесе колл-орталыққа +7(707)2255009 нөміріне қоңырау шалып жазылу;
    • егер дәрігерге жеке бару мүмкін болмаса, онлайн-консультация алу;
    • психиатрды немесе психотерапевті үйге шақыру.

    Алматыдағы шизофрения бойынша кеңес беретін психиатрлар

    Нуралиев Бакытжан Жетесович
    25 жыл жұмыс өтілі, Психиатр, Психотерапевт
    4.9 Рейтинг
    244 пікір
    25 жыл жұмыс өтілі
    Online консультация
    Турикова Юлия Михайловна
    24 жыл жұмыс өтілі, Психиатр, Психотерапевт
    5.0 Рейтинг
    86 пікір
    24 жыл жұмыс өтілі
    Балалар мен ересектерге арналған
    Ахметова Дана Аскаровна
    41 жыл жұмыс өтілі, Нарколог, Психиатр, Психотерапевт
    4.8 Рейтинг
    96 пікір
    41 жыл жұмыс өтілі
    Online консультация
    Рамм Александр Николаевич
    28 жыл жұмыс өтілі, Психиатр, Психолог
    5.0 Рейтинг
    32 пікір
    28 жыл жұмыс өтілі
    Сабиров Турган Курбанович
    14 жыл жұмыс өтілі, Нарколог, Психиатр, Психотерапевт
    5.0 Рейтинг
    136 пікір
    14 жыл жұмыс өтілі
    Online консультация